Премьер-Министр Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Өңірдегі республикалық маңызы бар жолдарды реконструкциялау, Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу және теңіз портын, әуе мен теміржол инфрақұрылымын кеңейту мәселесі талқыланды.
Үкімет басшысы авиациялық хабты және теміржол инфрақұрылымын дамыту қажет екенін жеткізді. Ол үшін шетелдік авиакомпанияларды тарта отырып, жаңа бағыттар бойынша субсидияланатын ішкі авиарейстерді көбейту мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Бұдан бөлек, «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағын кеңейту үшін әлеуетті инвесторларды тартудың маңызын атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс
09.09.2026, 10:18
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
09.09.2026, 10:06
Автонесиеге сұраныс төмендеді
09.09.2026, 10:05
Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
09.09.2026, 10:04
Қатерлі ісікті анықтауға ЖИ көмектеседі
09.09.2026, 10:03
Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
09.09.2026, 10:03
Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
09.09.2026, 10:02
Нью-Йоркте Huawei компаниясына қарсы сот процесі басталды
09.09.2026, 10:00