Атырауда тағы бір адамнан сібір жарасы анықталды
Атырауда тағы бір қасапхана жұмысшысынан сібір жарасы анықталды. Қазір науқас ауруханада жатыр. Өзге адамдардан ауру белгілері байқалмаған. Мал сататын базарда өлген сиырдан сібір жарасы анықталғаннан кейін карантин енгізілді. Дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, базар 8-желтоқсанға дейін жұмысын тоқтатты. Ірі қара мал әкелуді бақылау үшін 4 полиция және ветеринарлық бақылау бекеті орнатылды. Қалада тиісті құжаттарсыз малды тасымалдауға және союға қатаң тыйым салынған.
Алтынгүл Аймұратова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Екі науқаста терілік түрінен анықталып отыр. Қолдарында жаралары бар. Екінші науқас өзі жүгінді. Қазір екеуінің де жағдайы қалыпты. Ауруханада емделіп жатыр. Басқа да жұмыс істеген қызметкердердің барлығы 14 күн бақылауға алынды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
11.09.2026, 13:27
Е. Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 13:24
Астанада мамандар отбасы институтының өзгерісін талқылады
11.09.2026, 13:18
Тараздағы қоғамдық көліктің 85%-ы жаңартылды
11.09.2026, 13:15
Павлодар облысында шалғай елді мекендердегі үйлерді жаңартуда
11.09.2026, 13:12
1 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттеледі
11.09.2026, 13:09
Жаңаөзен ауруханасынан 223 млн теңге жымқырылған
11.09.2026, 13:06
Президент Үндістанға жұмыс сапарымен барады
11.09.2026, 13:03