Қостанай жастары ардагерлерге көмектесті
Қарттарға қамқорлық жасау адамзаттың қастерлі парызы. Қостанайда «Таза Қазақстан» жобасы аясында ерікті жастар ардагерлердің ауласының қарын күреп, жинақтап берді.
«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы шеңберінде өткен бұл игі шараға «Аманат» партиясының жастар қанаты мұрындық болды. Олар сондай-ақ көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Бижан Құлдырайханның үй шаруасына көмек көрсетті. Осы жыл ішінде қарттарға қолғабыс ету шарасына 150-ден астам ерікті қатысқан.
Аружан Сәрсенбаева, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
Осы жоба аясында бұл жыл ішінде біз 15-тен астам отбасыға, яғни ата-әжелерге көмектестік. Ол тек қана қар жинауға ғана байланысты емес, мысалы су тасқыны біткеннен кейін кейбір қарт адамдарда көмектесетін адамдары жақында болмады. Соларға біздің белсенділеріміз келіп, үйдегі жиһазды далаға шығарып, үй ішінде жинау жұмыстары жүргізіп, тұрғындарға өзінің көмегін тиізді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11