Тегін дәрі-дәрмектер бар болғанымен, оларды алу қиын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегін дәрі-дәрмектер бар болғанымен, оларды алу қиын

17.11.2024

Еліміздегі шағын елдімекендерде дәріхана жоқ. Мысалы, 2,5 мың адам тұратын Ақмола облысы Ақсу кентінде. Денсаулық сақтау вице-министрі Нұрлыбаевтың айтуынша, адам аз тұратын жерде дәріхана ашу бизнеске тиімді емес. Сондықтан министрлік жылжымалы дәріханалар туралы заң дайындайды екен.

Осы тақырып көтерілгенде Қарағанды облысындағы әлеуметтік дәріханалардың жабылатынын естідік. Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан хабары жоқ. Әлеуметтік дәріханаларға қатысымыз шамалы дегенге келтірді.

«Қызық», шағын елдімекендерде бизнес дәріхана ашпайды, жылжымалы дәріхана керек дейді. Ал жұмыс істеп тұрған әлеуметтік дәріханалар жабылады. Олар кезінде әкімдік қолдауымен ашылсын, қандай айырмашылық бар? Бәрі азаматтарға барынша көмектесу мұратын қойған атқарушы билік бұтақтары емес пе? Әлде олай емес пе?

Ал кепіл берілген тегін медициналық жәрдем аясында елді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін біртұтас дистрибьютор – «СК-Фармация» 1267 түрлі препараттың бағасын негізсіз көтерген... «СК-Фармацияның» жұмыс регламентін өзгертетін бірнеше құжат дайындалып жатқан көрінеді. Басқасын былай қойғанда, қант диабеті сияқты созылмалы ауруларға тегін беретін дәрі-дәрмекті уақытында жеткізу проблемасы шешілетін күн туа ма?

Елдос Есенбол баяндайтын фактілер тегін дәрі алуға қақы бар азаматтардың жүйкесі жұқарғанын көзге кезекті рет шұқып көрсетеді.


Хабарламаларға жазылу