3 футбол клубы жекешелендірілетін болды
Қарашаның соңына дейін қазақстандық үш футбол клубы жекенің қолына өтеді. Олар - «Қызылжар СК», «Жеңіс» және «Шахтёр» клубы. Бұл туралы Үкімет отырысында Футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория айтты. 7 қарашада Петропавлдың «Қызыл-Жарын» жекешелендіру аяқталады. Инвестор жыл сайын клубтың дамуына, инфрақұрылым мен жас ойыншыларды оқытуға кемі 1 миллиард теңге құюға міндетті. Ал 15-не елорданың «Жеңіс» клубы да заңды тұлғағаның иелігіне өтпек. Қала әкімдігі инвесторға заманауи футбол академиясын салу үшін жер телімін берген. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 16 миллиард теңге. Қаржы академия құруға және жастар футбол жүйесін дамытуға жұмсалады. Қарағандылық «Шахтёрдің» мүлкін бағалау аяқталды. Енді қоғамдық тыңдау өтеді. Кейін аукцион ұйымдастырылмақ. Инвестиция көлемі 18 миллиард теңге. Оның 12 миллиарды академия салуға, ал 6 миллиарды жастар футболын дамытуға бағытталады. Жалпы тартылған инвестицияның көлемі 45 миллиард теңгеден асады. Премьер-министр әкімдерге футбол клубтарын жекешелендіруге инвесторлар тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы