Трамп Қытайға жасанды интеллект чиптерін сатуға тыйым салды
Дональд Трамп америкалық Nvidia компаниясына Қытайға жасанды интеллект чиптерінің жаңа буынын экспорттауға тыйым салды.
АҚШ президенті компанияның жаңа Blackwell атты жасанды интеллект чиптерін тек
АҚШ тұтынушылары пайдалана алатынын мәлімдеді. Бұған дейін Трамп Nvidia бас
директоры Дженсен Хуангтың Қытайға жаңа Blackwell чиптерін сату туралы ұсынысын
қарастырмақ болған. Алайда жоғары лауазымды шенеуніктер президентті бұл сауда
АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деген соң райынан қайтса керек.
Себебі Ақ үй Қытай жасанды интеллектіге арналған америкалық чиптерге қол
жеткізсе, бұл оның технологиялық қуатын арттырып, АҚШ-тың стратегиялық
басымдығына зиян келтіруі мүмкін деп алаңдап отыр.
Дональд Трамп АҚШ Президенті:
Nvidia — нағыз керемет компания. Олардың жаңа шыққан Blackwell чиптері басқа барлық чиптен он жылға алда. Бірақ жоқ, біз бұл чипті басқа елдерге бермейміз. Біз ол чипті тек өзіміз ғана пайдаланамыз.
Бұған дейін АҚШ Сауда министрлігі жасанды интеллект чиптері мен ЖИ модельдерін экспорттауға жаңа шектеулер енгізген. Бұл америкалық технологияларды қару-жарақ, кибершабуыл және бақылау жүйелерінде пайдаланудан қорғау үшін қажет деп түсіндірген.
Бұған дейін АҚШ Сауда министрлігі жасанды интеллект чиптері мен ЖИ модельдерін
экспорттауға жаңа шектеулер енгізген. Бұл америкалық технологияларды
қару-жарақ, кибершабуыл және бақылау жүйелерінде пайдаланудан қорғау үшін қажет
деп түсіндірген.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54