Басты Жаңалықтар Алматыда «Олжас және жастар» поэзия фестивалі өтті

Алматыда «Олжас және жастар» поэзия фестивалі өтті

Шарада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов студенттерге жалынды жырларын оқып, тағылымды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, атақты ақын Елбасының «Рухани жаңғырудан» туындайтын жарқын жобаларын түсіндіріп, болашақ ауыл шаруашылығы мамандары қазақтың тамырлы тарихын терең білу керектігін де айтты. Шайырмен емен-жарқын жүздесіп, тілдескен белсенді жастар да Мемлекет басшысының мақаласын іске асыруға бар күш-жігерін жұмсап, алтын бесік ауылды гүлдендіру үшін тынымсыз еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Бөлісу