Алматы облысында құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары қызметінен босатылды

20.10.2024

Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары, сосын Талғар ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Қасымбаев деген қызметтерінен босатылды.

Жабылған топтың қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат тұратын Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары, сосын Талғар ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Қасымбаев деген қызметтерінен босатылды.

Қасымбаевтың сол мекенде ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар деген сипаттағы материалдар шыққан. Лауазымынан Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов та босатылды.

Сонымен бірге Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шалхаров, Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы Күнтүнов, тағы бірнеше облыстық полиция департаменті басқармасының бастықтары алынды.

Президент жарлығымен ІІМ орынбасары Айдос Рысбаев босатылды. Оның жауап беретін учаскесінің бірі ұйымдасқан қылмыспен күрес болған. Шерзаттың өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс барысында 11 күдікті ұсталған.

Жалпы, Шерзатты өлтіріп кету оқиғасынан кейін ұйымдасқан қылмыстық топтар көп талқылана бастады. Олардың тоқсаныншы жылдардың бір символы болып қалмағаны.

Ұры-қары мен қарақшының «түсінігі» мен «тәртібін» түпкілікті жою мүмкін емес шығар, бірақ құқық қорғау органдары олармен компромисске келмейтін мемлекетте банда серкелері ырсия күліп, алшаң басып жүрмейді, ал мүшелері қорғау қасқыр сияқты жабылып тартқылай алмайды.

Сонымен бірге өткенде тоқталғандай, Шерзаттың өліміне байланысты тергеудің әділ, сот отырыстарының тікелей эфирде трансляциялануын қоғам талап етіп отыр. Прокуратура отырыстардың ашық өтуін сұрап, сотқа өтініш рәсімдейтінін айтты.

Бұл оқиғаға орай шенеуніктердің қызметтен босатылып жатқаны бар проблеманың көбесін сөге ме? «Қайдам» дейтін сәт. Айтпақшы 2025 жылдан бастап қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлердің қызметін саралап, онлайн система арқылы баға бере алады.

Кімнің рейтингі төмен, соның жалақысы да азаяды деген жаңалық оқыдық. Идея жақсы. Бірақ барлық контексті, басқа да факторларды ескерсек, жөткірініп қоясың.

Хабарламаларға жазылу