Ілияс Жансүгіровтың төлқұжаты мен тұтқында түскен суреттерінің түпнұсқасы музейге тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілияс Жансүгіровтың төлқұжаты мен тұтқында түскен суреттерінің түпнұсқасы музейге тапсырылды

02.05.2017

Ілияс Жансүгіровтың төлқұжаты мен тұтқында түскен суреттерінің түпнұсқасы Талдықорғандағы әдеби музейге тапсырылды. Оған дейін бұл құжаттар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатында, одан кейін Алматы облыстық Ішкі істер департаментінде сақталып келген. Осылайша, жыр құлагерінің туған күні қарсаңында Жансүгіровтың әдеби-мемориалды музейі құнды экспонаттармен толықты. Алдағы уақытта музей қызметкерлері 80 жыл бойы мұрағатта шаң басып жатқан құжаттарға арнайы орын бөліп, көрермен көзайымына айналдырмақ. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу