«Оралу» атты тарихи толықметражды фильмнің түсірілімі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оралу» атты тарихи толықметражды фильмнің түсірілімі басталды

19.03.2015
«Оралу» атты тарихи толықметражды фильмнің түсірілімі басталды

Фильмнің желісі қазақ халқының XX ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдерінен құралған. Күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқанында ұлттың басына түскен ұлы нәубет  жұт пен ашаршылықты көрсетеді.

«Оралу» фильмі - өмірдің талай сынына төтеп берген, сұрапыл соғыстың меһнатын көрген Ілияс есімді жігіттің тағдырын баяндайды. Жат елде тұтқында болып, азап шеккен бас қаһарман атажұртын аңсап, анасын сағынып, туған жерге оралуды армандауымен өмірден озады.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу