Ілияс Жансүгіровтің туғанына - 120 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілияс Жансүгіровтің туғанына - 120 жыл

25.10.2014
Ілияс Жансүгіровтің туғанына - 120 жыл

Қазақтың ұлы ақыны Ілияс Жансүгіровтің туғанына биыл 120 жыл. Осы бір атаулы күн Ресей астанасында мерекеленді. Мәскеудегі Ұлттар үйінде жергілікті қазақ диаспорасы мен ақынның туған-туыстары салтанатты кеш өткізіп, Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертілді.

Кеш барысында Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығы мен өмірінен сыр шертетін түрлі сурет көрмеге қойылды. Тарихи фотолардың арасында ақынның отбасы, жастық шағы және Мұхтар Әуезов сынды қазақ зиялыларымен түскен сәттері бейнеленген.

Шараға ақынның ұрпақтары да қатысып, оның өмірінен қызықты естеліктер айтылды.

Шығармашылық кешке мәскеулік қандастарымыз бен қазақ поэзиясын қадірлейтін жергілікті жұрт молынан жиылды. Олардың айтуынша, мұндай шаралардың, екі ел арасында әдеби байланыстарды бекітуде маңызы зор.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу