Президенттің Ашхабадқа сапары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Ашхабадқа сапары

13.10.2024

Биыл түрікменнің әйгілі ақыны Мақтымқұлының 300 жылдығы. Шыңғыс Айтматов: «XVIII ғасыр Мақтымқұлы өлеңдерінің ғасыры болды... Ол – жүрегі сөйлеген философ болатын» деген. Оның шығармалары адамзатты тәнті еткен. 

Қазақша сөйлеткендер: Ғали Орманов, Ғафу Қайырбеков, Дүйсенбек Қанатбаев, Светқали Нұржан. Ал биыл жазда Астанада ескерткіш қойылды. 

 «Дос келетін болса достың қасына,

Тебіренеді топырағы,

Тасы да.

Жұрт жиналса бір дастарқан басына

Бағы жанып,

Тасар нұры түрікменнің».


Осы аптада түрікмендер ескерткішті Абайға қойды. Абай да: 

«Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі бос.

Малыңды жауға, басыңды дауға

Қор қылма, қорға, татулас» - деді.


Белгілі филолог ғалым, портреттік эссенің хас шебері Бауыржан Омарұлы «Мақтымқұлы Пырағы» деген мақала¬сын¬да түрікмен шайыры мен қазақ ақынының үндестігіне үңілген. 

Мақтымқұлы «Қартайдым құр өмірімді қараң ғып, Дерт ұл¬ғайды, іш қазандай қайнайды» десе, Абай «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғай¬ды арман» деген-ді. Түрікмендер Мақтымұлының, қазақтар Абайдың өсиетіне қаншалықты адал, ол тереңдігі тітіркендіретін тақырып. 

Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай Ашхабадта өткен «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумда Қазақстан басшысы сөз сөйледі. 

Сонымен бірге қазақ пен түрікменнің өзара қарым-қатынасы қалай? Қазір әрине, 18 ғасырдағыдай таласып-тартысып, күшпен шешетін мәселе жоқ. Онда сауда-саттық керуендері үздіксіз ағылып жатқан шығар?.. 

Президент Қ.Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапары туралы Данияр Қайыртайдың репортажы. 



Хабарламаларға жазылу