Спорт саласына сын көп: Жемқорлық бойынша 59 қылмыстық іс тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт саласына сын көп: Жемқорлық бойынша 59 қылмыстық іс тіркелген

13.10.2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Спорт министрлігімен бірлесіп спортқа бөлінетін қаржыға анализ жасаған. Орталық Азия, Канада, Норвегия, Нидерланд мемлекеттеріне қарағанда Қазақстан жоғары жетістіктер спортына көп ақша құяды - 9 есеге дейін!

Алайда әлем чемпионаттары мен Олимпиадаларда анау айтқандай жетістікке жетіп жүргеніміз шамалы. Ал дамыған елдер қаржыны бұқаралық спортқа құяды.

Иә, спорттің түрі көп. Әрқайсысы өзінше әлем. Сондықтан бөліп-жарып алалаудың қажеті жоқ- деген ақкөңілдіктен бе екен, бәрі қаржыландырылады. Бірақ былтыр спорттың 31 түрінен бірде бір медаль түспеген. Ал спорттың белгілі бір түріне басымдық берудің логикасы бар екенін спорт шенеуніктеріне түсіндірген ыңғайсыз сияқты.

Жасалған талдауда «Спорт кешендері өте аз. Саладағы барлық процесс мөлдір емес. Цифрландыру болмағасын – хаос» деген байлам жасалған. Осыған ұқсас пайымды көпшілік жазда Париж Олимпиадасынан кейін айтқан.

 «Мөлдір» деген бізде тек қыз баланың есімі екенін білетін Амангелді Сейітхан сараптайды.



Хабарламаларға жазылу