Елбасы әнші Димаш Құдайбергенов және режиссер Ақан Сатаевты қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шығармашыл жастарымен кездесті. Елбасы танымал әнші Димаш Құдайбергенов және режиссер Ақан Сатаевты қабылдады. Президент әңгіме барысында Димаш Құдайбергеновті Қытайда өткен халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтап, оған бақ-береке және зор шығармашылық табыс тіледі. Ал Ақан Сатаев Қазақстан Президентіне өзінің жоспарлары жөнінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев кинотуындылар түсірерде қазақ ұлтының қалыптасуы, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасының салынуы жөніндегі тақырыптардың өзекті екенін ескеру қажеттігін атап өтті. Кездесу соңында Қазақстан Президенті еліміздің жас дарындарына батасын берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30