Басты Жаңалықтар Астаналық пианиношы Биали Бекенов Брюссельде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Астаналық пианиношы Биали Бекенов Брюссельде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Астаналық Биали Бекенов Брюссельде өткен «Мерси, Маэстро!» атты жас пианиношылар халықаралық байқауында жеңіске жетті. 7 жастағы жерлесіміз «Ең жас орындаушы» номинациясы бойынша лауреат атанды. Үш күнге созылған байқауға әлемнің 28 елінен 100-ден астам музыкант қатысқан. Қазылар алқасының мүшелері қазақстандық балғынның өнеріне тәнті болып, болашағынан зор үміт күтетіндерін мәлімдеді. Қазақ Ұлттық өнер университеті жанындағы музыкалық академияның 1-сыныбында оқитын Биалидің ендігі арманы - өнерімен әлемді бағындыру. 

НұрсұлуҚасым

Бөлісу