Еуропадағы қазақстандықтар референдумда белсенділік танытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропадағы қазақстандықтар референдумда белсенділік танытты

07.10.2024

Еуропада сайлау учаскелері осыдан бір сағат бұрын жабылды. Өзінің конституциялық құқын пайдалануға асыққан қандастарымыз соңғы сағаттарда ерекше белсенділік танытты. Қарт құрлықтың бірнеше еліндегі дауысберу барысы жайлы Нұрсұлу Қасымның бейнематериалында.

Бельгиядағы Қазақстан елшілігі жанынан ашылған №373 референдум учаскесіне қазақстандықтар таң атқаннан жиналды. Корольдікте оқу, жұмыс бабымен тұрып жатқан жерлестеріміз дауыс беру үшін Брюссельден 100-200 шақырым жердегі қалалардан, көршілес Люксембург мемлекетінен келді. Азаматтық парызды өтеудің маңыздылығын жас ұрпақтың санасына кішкентайынан сіңірейін деп көбісі балаларын ерте келген.

Ольга Брим, Люксембург қаласының тұрғыны:

Люксембургтан дауыс беруге арнайы келдік. АЭС салу өте маңызды мәселе болғандықтан, өз пікірімізді білдірдік. Қазақстанның кішкентай бөлшегі саналатын елшілікке келіп, бауырсақ жеп, өз үйіміздегідей жылылықты сезіндік. Қазақстанға деген сағынышымызды басқандай болдық.

Мажарстандағы қандастарымыз да конституциялық құқын пайдалану үшін Будапешттегі Қазақстан елшілігінде орналасқан №375-референдум учаскесіне асықты. Тізімге тіркелген 151 адамның дені түс ауғанша азаматтық борышын өтеп үлгерді.

Ләззат Сағындықова, Алматы қалалық музейлер бірлестігінің директоры

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері Мажарстан елінде іссапарда жүр. Бүгін барлығымыз Референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасап, өз даусымызды бердік.

Италиядағы Қазақстан елшігінде орналасқан 377-референдум учаскесінде дауыс беруге 600 адам тіркелген. Отандастарымыз азаматтық борышын өтеу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды.

Назым Брэски, Рим қаласының тұрғыны:

Мен үшін өте маңызды күн. Үлкен мереке. Референдум Қазақстан еліме үлкен күн деп санаймын. Сосын осы жерге бәріміз келіп қазақстан азаматтары бас қосып, дауыс беріп жатырмыз. Соған қатты қуаныштымын.

Римдегі учаскеге келе алмаған қазақстандықтар үшін референдум комиссиясының мүшелеріжылжымалы жәшіктерді алып, Милан қаласында дауыс беруұйымдастырды. Референдумда белсенділік танытқан Еуропадағы қазақстандықтар елдіңжарқын болашағынан үмітті.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу