Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны жарты миллионнан сәл асады - 525 мыңнан астам адам тұрып жатыр.
Бұл республика халқының 6,6-ақ пайызы. Туу коэффициенттінің ең төмен көрсеткіші осы өңірде тіркелген. Теріскейде әсіресе ауыл халқының саны кеміп барады. Жыл сайын бірнеше елді-мекен картадан сызылады. Биыл тұрғындар саны 50 адамнан аспайын ауыл саны – 140.
Солтүстікті бейнелеп айтқанда жалаңаштамау – аса маңызды екенін, ұлттық қауіпсіздік мәселесімен қабысатынын бәріміз білеміз. Халық тығыз қоныстанған аймақ – оңтүстіктен солтүстікке көшуге ниеті бар адамдарды қолдайтын бағдарламаның шын мәнінде қол соғып қолпаштайтын бағдарлама екенін үнемі айтамыз.
Алайда сол бағдарлама үмітті ақтамады. Ақпан айында сенатта осы тақырыпты қаузаған үкімет сағаты өткен, М.Әшімбаев күлбелтелемей былай айтты – мойындауымыз керек, бағдарлама күткен нәтиже бермеді. Тек СҚО халық 22.43 процентке азайған. Сол кезде Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл мәселені шешу үшін, цитата:
«Жұмыс орындары ашылуы керек. Сонда ғана біз азаматтарды тарта аламыз. Себебі, оңтүстік өңірдегі жұмыссыздарды алып, солтүстік өңірден жұмыссыз жасаудан проблема шешілмейді ғой?! Ең негізгі мәселе, экономика жағынан Үкіметпен бұл мәселе жөнінде әріптестерімізбен тағы да ақылдасатын боламыз»- деген...
Көшіп барғандарға беріліп жатқан әрбір үшінші үй сапасыз екені де өтірік емес.
Жылдың оныншы айы да басталып кетті. «Әп-бәрекелді!» дейтін өзгеріс күтетін аңғалдықтан адамыз. Дегенмен ахуалға оқтын-оқтын оралу – бар жағынан парыз сияқты. Эльмира Каленова сипаттайды.