«Аялаған Астана» байқауының қатысушылары Елорданың көрікті жерлерін аралады (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аялаған Астана» байқауының қатысушылары Елорданың көрікті жерлерін аралады (ФОТО)

30.03.2017
«Аялаған Астана» байқауының қатысушылары Елорданың көрікті жерлерін аралады (ФОТО)

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында «Аялаған Астана - 2017» байқауының ұйымдастыру комитеті конкурстың іріктеу кезеңін өткізді. Комиссия байқаудың бас продюсері Лина Арифулинаның бастауымен 300-ден астам өтініштерді қарап, ең дарынды 12 баланы таңдады.

Олар 27 наурыз күні ән сайысына дайындалу үшін Елордаға келді. Балаларға телевизиялық шоуға әзірленуге вокалдан, сольфеджио мен актерлік шеберліктен және би өнерінен Лина Арифулина мектебінің тәжірибелі педагогтері көмектеседі.

Сондай-ақ, байқаудың қатысушылары Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығындағы  океанариумды тамашалап, әйгілі экскурсиялық автобуспен қаланың көрікті жерлерін аралады.  

Айта кетейік, «Аялаған Астана» ұлттық музыкалық-телевизиялық балалар байқауы алғаш рет 2013 жылы Астана күні қарсаңында ұйымдастырылған болатын. Биыл дәстүрлі байқау бесінші рет өткізілгелі отыр.

2-сәуірде «Қазақстан» Ұлттық арнасында өтетін байқаудың қорытындысы бойынша үздік үміткерге халықаралық «Детская новая волна» сайысында еліміздің намысын қорғау мүмкіндігі беріледі.

Хабарламаларға жазылу