«Аялаған Астана» – 2017 байқауының финалын «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аялаған Астана» – 2017 байқауының финалын «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді

21.02.2017
«Аялаған Астана» – 2017 байқауының  финалын «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді

      2017 жылдың 1 қаңтарынан 15 ақпанына дейін  «Аялаған Астана» – 2017 балалар байқауына қатысуға өтініштер қабылданды. Конкурсқа қатысу үшін түрлі жанрдағы екі әнді орындап,  бейнежазбасын  ayalagan.astana2017@mail.ru  электронды поштасына жіберу қажет болды. Осы уақыт аралығында ұйымдастыру комитетіне 317 өтініш келіп түсті

Келесі кезекте қазылар алқасының төрағасы, байқаудың бас продюсері Лина Арифулина  бастаған музыкалық редакторлар тобы бейнежазбаларды тыңдап, арасынан байқауға қатысатын 12 сайыскерді таңдайды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы 1 наурызда жарияланады. Үздік  орындаушылар «Аялаған Астана» -  2017 байқауының ақтық сынына қатысу үшін Астанаға дайындыққа шақырылады.

Байқаудың екінші кезеңі оқушылардың көктемгі демалыс күндері 27 наурыз бен 2 сәуір аралығында өтеді. Гран-при иегері 2017 жылдың 2 сәуірінде анықталады. Сондай-ақ, байқаудың финалы «Қазақстан» Ұлттық арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Сайыскерлердің өнерін танымал отандық және шетелдік әншілерден құралған қазылар алқасы бағалайды.

        Сонымен қатар,  халықаралық музыкалық байқаулардың талаптарына сәйкес, көрермендер де байқаудың жеңімпазын таңдауға қатыса алады. СМС  дауыс беру тікелей эфирде кезінде болады. СМС дауыс берудің қорытындысы қазылар алқасының шешімдерімен қосылып саналады. Осылайша, «Аялаған Астана» - 2017 байқауының жеңімпазы анықталады.

      Айта кетейік,  «Аялаған Астана» байқауына Қазақстанның барлық аймақтарынан 7 және 13 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Бәйге биыл 5-ші рет өткізгелі отыр.  Бас жүлдегер – Халықаралық «Детская новая волна» байқауында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Хабарламаларға жазылу