IV «Аялаған Астана-2016» балалар байқауының жеңімпазы - Астана қаласының үміткері Жәнел Сәдуақас (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IV «Аялаған Астана-2016» балалар байқауының жеңімпазы - Астана қаласының үміткері Жәнел Сәдуақас (ФОТО)

02.07.2016
IV «Аялаған Астана-2016» балалар байқауының жеңімпазы -  Астана қаласының үміткері Жәнел Сәдуақас (ФОТО)

Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында IV «Аялаған Астана-2016» ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауының жартылай финалы өтті. Онда республиканың түкпір-түкпірінен іріктелген 11 үміткер бақ сынады.

Қазылар алқасы құрамында әнші, композитор Құрмаш Маханов,  Серік Ибрагимов, Гүлнұр Оразымбетова және Халықаралық «Новая волна» және «Детская Новая волна» балалар байқауының бас продюсері Александр Румянцев пен  «Аялаған Астана» байқауының бас продюсері Лина Арифулина бар.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының бағасы және көрермендер дауысымен «Әлия» әнін орындаған (сөзі: Б.Тәжібаев, әні: С.Бәйтереков) Астана қаласының үміткері Жәнел Сәдуақас жеңіске жетті.

жәнел сәдуақасжәнел сәдуақасжәнел сәдуақасжәнел сәдуақасжәнел сәдуақас

Жәнел Сәдуақас енді еліміздің атынан байқау финалы - «Балалар Жаңа толқыны – 2016» халықаралық байқауында бақ сынайды. 

Хабарламаларға жазылу