«Аялаған Астана»-2017 байқауының финалистері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аялаған Астана»-2017 байқауының финалистері анықталды

01.03.2017
«Аялаған Астана»-2017 байқауының финалистері анықталды

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 15 ақпан аралығында «Аялаған Астана» - 2017 байқауының ұйымдастыру комитеті конкурстың іріктеу кезеңін өткізді. Комиссия байқаудың бас продюсері Лина Арифулинаның бастауымен 300-ден астам өтініштерді қарап, ең дарынды 12 баланы таңдады.

«Аялаған Астана» - 2017 байқауының ақтық кезеңіне келесі үміткерлер қатысады:

  1. Азамат Алибек (Алматы)
  2. Бейбарыс Айтмугамбетов (Ақмола облысы, Ерейментау қ.)
  3. Мәди Аманбаев (Жезқазған)
  4. Арайлым Берік (Қызылорда)
  5. Каринэ Болат (Астана)
  6. Айдана Жалелова (Семей)
  7. Амина Жапар (СҚО, Тайынша қ.)
  8. Илья Кошиков (Қарағанды)
  9. Томирис Маратқызы (Астана)
  10.  Алан Мерғали (Орал)
  11.  Аялан Муканов (Қостанай)
  12.  Луиза Нуркуатова (Ақтау)

Енді көктемгі демалыс күндері сайыскерлер елордасы Астана қаласына келіп, бір апта бойы байқаудың ақтық кезеңіне дайындалады. Ал 2-ші сәуірде «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін ақтық шоуда өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Аялаған Астана» - 2017 байқауының жеңімпазы Халықаралық «Детская новая волна» байқауында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Гран-при иегерін тек қазылар алқасы бағалап қоймай, «Қазақстан» телеарнасының көрермендері де СМС-дауыс беру арқылы таңдайды.

Хабарламаларға жазылу