«Аялаған Астана-2017» байқауының жеңімпазы – Әмина Жапар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аялаған Астана-2017» байқауының жеңімпазы – Әмина Жапар (ВИДЕО)

02.04.2017

«Аялаған Астана-2017» Балалар арасындағы V республикалық телевизиялық байқауының Гран-при иегері анықталды. Ол  - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласынан қатысқан үміткер Әмина Жапар. Әмина енді еліміздің атынан «Новая волна-2017» байқауына қатысатын болады.  

«Аялаған Астана» байқауының іріктеу кезеңі 1 қаңтар мен 15 ақпан аралығында өткен болатын. Финалистерді анықтау мақсатында бас продюсер Лина Арифуллина бастаған комиссия 300-ден астам баланың өнеріне баға берді.  Байқау үміткерлерінен түскен бейнежазбаларды тыңдау барысында төмендегідей конкурсанттар ақтық сынға жолдама алды:

1. Айдана Жәлелова (Семей)

2. Алан Мерғали (Орал)

3. Әлібек Азамат (Алматы)

4. Әмина Жапар (СҚО, Тайынша қаласы)

5. Арайлым  Берік (Қызылорда)

6. Аялан Мұқанов (Қостанай)

7. Бейбарыс Айтмұғамбетов (Ақмола облысы Ерейментау қаласы)

8. Илья Кошиков (Қарағанды)

9.Каринэ Болат (Астана)

10. Луиза Нұрқуатова (Ақтау)

11. Мәди Аманбаев (Жезқазған)

12. Томирис Маратова (Астана)

Байқау қатысушыларының өнерін әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова, әнші Рүстем Жүгінісов, әнші, композитор, продюсер Маржан Арапбаева, Халықаралық «Новая волна» байқауының бас продюсері Александр Румянцев, «Аялаған Астана» байқауының бас продюсері Лина Арифуллина бағалады. Ақтық сайысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Айта кетейік, «Аялаған Астана» ән додасына 7 мен 13 жас аралығындағы жас әншілер қатысады.   

Байқаудың толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу