Бельгиядағы ереуілшілердің кесірінен әуе рейстері кейінге қалды
Бүгін Бельгияның екі әуежайынан ұшатын барлық әуе рейс кейінге шегерілді. Салдарынан 40 мыңнан астам адам жолдарынан қалды. Себебі әуежай қызметкерлері жұмысты тоқтатып, ереуіл ұйымдастырып жатыр.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Әуежайдың тазалықшылары, қауіпсіздік қызметінің агенттері, мейрамхана, қонақ үй бизнесінің өкілдері жалақыны көтеруді, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауды талап етіп, ереуілдетіп жатыр. Тек бельгиялықтар ғана емес, қарт құрлықтың 8 мемлекетінен кәсіподақ ұйымының мүшелері келген. Олар Еуропалық Одақтың «мемлекеттік сатып алу» туралы заңына өзгеріс енгізу қажеттігін айтады.
Конрад Мартенс, кәсіподақ ұйымының хатшысы:
Жұмысшылардың жалақысы мардымсыз, жұмыс жасауға еш жағдай жасалмаған. Тендерден ең төмен, арзан баға ұсынатын компаниялар ғана өтіп, тиісінше олар қызметкердің құқығын аяққа таптап отыр. Заңға түбегейлі өзгеріс керек.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Осы ереуілдің кесірінен бүгін Брюссель және Шарлеруа қаласының әуежайынан ұшуы тиіс барлық рейс кейінге шегерілді. Салдарынан 40 мыңнан астам адам жолынан қалды. Жолаушылар бүгін әуежайға түнеуге мәжбүр. Левен католик университеті мамандарының мәліметінше, бүгінгі бір күндік ереуілдің кесірінен ел экономикасына 20 млн еуро шығын келген.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04