Оңтүстіктен солтүстікке. Бұл көш неге баяу? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстіктен солтүстікке. Бұл көш неге баяу?

22.09.2024

Арнайы бағдарлама бойынша солтүстік өңірге қоныс аударғандарға елдің басқа аймағында жұмыс істеуге тыйым салатын заң нормалары енгізілмек. Еңбек министрлігі хабарлады.

Бұл мақсаттың шын мәнінде орындалуы үшін қойылатын талап екені түсінікті. Көшкен адамның тұрақтауы үшін. Ал Конституциямен қаншалықты қабысады, ол зерделейтін нәрсе. Енді осы бағдарламаның өзіне келсек, қалай орындалып жатыр? Көшіп барғандардың кейбірі үйлерін жауып, жасырын кетіп жатыр. Демек кілтипан бар.

Ылғи айтамыз: негізі бұл – жоспар стратегиялық мазмұнға ие, ұлттық қауіпсіздікпен қабысатын жағы бар маңызды бағдарлама. Иә, барып алып «ұнамайды» деп қайтып көшіп кеткендер мен жаңа айтып отырғандай, құжат бойынша көшпесе де, есігін құлыптап кеткендер бар.

Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілші Эльмира Каленованың репортажы да осы мәселені қаузайды. Реал көріністі. Бірақ бұл әу бастағы мұраттан айнуды көрсетпесе керек. Солтүстік өңір «жалаңаштанбауы» тиіс.

Солтүстік өңірдің құнарлы топырағында қазақ мал бағып, бидай мен картөшке егуі керек. Солтүстік Қазақстан – Мағжан Жұмабаевтың кіндік қаны тамған жер...


Хабарламаларға жазылу