Шольц сапарынан Қазақстанға қандай экономикалық пайда бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шольц сапарынан Қазақстанға қандай экономикалық пайда бар?

22.09.2024

Енді «Шольц сапарынан экономикалық қандай пайда бар» дегенге келсек. Былтыр Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 41 пайыз өсіп, 4 млрд долларға жуықтаған.

Кейінгі жеті айда сауда-саттық көлемі 2,3 млрд доллардан асыпты. Германиядан келетін тікелей инвестиция да едәуір артқан. 64 пайыз ұлғайып, 770 млн долларға жетті. Бұл – бұрын болмаған көрсеткіш. Ал соңғы 20 жылдың статистикасына қарасақ, Германиядан шамамен 6,7 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылыпты.

Қазір тараптар жалпы құны 55 млрд доллар болатын 66 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыруға кіріскен. Ал осы сапар аясында құны 6,3 млрд долларға бағаланған 35 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде Қытаймен шекарадағы Қорғаста әуежай салуды көздейтін келісім бар. Сарапшылар оның стратегиялық астарына да үңілді.


Хабарламаларға жазылу