Азамат Мақұлбеков бөрене көтеру сайысында өз рекордын жаңартты
Алыптар сайысында да қаншығамыз майланды. Палуанымыз Азамат Мақұлбеков 16 елден келген споршының ішінде топ жарды. Жарыс алаңдарында жүрген әріптестерім Дархан мен Асылбек күні бойына спортшыларымызға жанкүйер болды.
Дархан Рахымжан, тілші:
Көшпенділер әлемі этноауылында жамбы ату мен алыптар сайысының жеңімпаздары анықталды. Жалпы жамбы ату осы көшпенділер ойындарының алғашқы күнінен басталған еді. Бүгін төртінші күн дегенде аяқталып, 27 елден келген 78 спортышының ішінен жеңімпаздар белгілі болды. Сонымен жамбы атудан төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша Батыр Бексауыт бір алтын, бір күміс медаль, Ералхан Айкөз бір алтын, бір қола, Айтбек Сарыбай күміс пен қола медалға ие болды.
Сондай-ақ көрермен көз тіккен тартысты бәсекенің бірі «Алыптар сайысында» палуанымыз Азамат Мақұлбеков қарсылас шақ келтірмей топ жарып, алтын медальды жеңіп алды. Алыптар бәсекесінде 16 елден келген палуандар білектің күшін көрсетіп сынға түсті. Олар бес кезең бойынша өзара мықтыны анықтады. Азамат Мақұлбеков бөрене көтеру сайысында өз рекордын жаңартты.
Дархан Рахымжан
Автор
Дархан Рахымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05