Алыптар сайысы: Қазақ палуаны финалға шықты
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бүгін 4-ші күні. Көшпенділер әлемі этноауылындағы жарыстар қызған. Әсіресе, алыптардың сайысын көруге келгендер өте көп. Бұл жарыста қазақ палуаны финалға шықты. Азамат Мақұлбеков 16 спортшының ішінде көзге түсті. Ол 130 келі бөренені 38 рет көтеріп, өз рекордын жаңартты.
Дархан Рахымжан, тілші:
Алыптар сайысы қазір сағат 16:00-де жалғасады. Палуандар 500 келі арбаны сүйрейді және өгіз көтеру кезеңінде бақ сынайды. Жалпы алыптар бәсекесіне 16 мемлекеттен 16 спортшы қатысып жатыр. Испания, Үндістан, Қытай, Кувейт, Татарстан, Иран, Ресейден келген қатысушылар бар. Палуандар бәсекесі 5 кезеңнен тұрады.
Айта кетейік, көшпенділер этноауылындағы жанкүйердің қарасы қалың. Көрермен, әсіресе, осы алыптар сайысы өтіп жатқан маңға көп жиылған. Бұл жарыста көш бастап тұрған, қазақ палуанына сәттілік тілейміз.
Дархан Рахымжан
Автор
Дархан Рахымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05