Қазақстанда «Тұмар» бірінші ұлттық телевизиялық бәйгесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Тұмар» бірінші ұлттық телевизиялық бәйгесі басталды

03.03.2017
«Қазмедиа орталығы» мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйытқы болған байқау 12 аталым бойынша үздіктерді іріктейді.
Байқауға қатысу тәртібі оңай. Эфирге шыққан былтырғы телевизиялық ерекше жобаларды ұсынасыз.

Оған республикалық арналардан бөлек, аймақтық телекомпаниялар, студиялар мен продюсерлік орталықтар және басқа да медиаөндіріс ұйымдары қатыса алады. Лауреаттар жасырын дауыс беру арқылы анықталмақ.


Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу