Бүгін - Дүниежүзілік Жазушылар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік Жазушылар күні

03.03.2017
Бүгін - Дүниежүзілік Жазушылар күні

3 наурыз, жұма, 2017 жыл

Бүгін - Дүниежүзілік Жазушылар күні

Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімі негізінде атап өтіледі. Клуб 1921 жылы құрылған. Ұйымның атауы ағылшынның poets - ақындар, essayists - очеркшілер, novelists - романшылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құрылған. Сонымен қатар, pen сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қалам» деген мағына береді. Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі.

Бүгін - Дүниежүзілік тұмса табиғат күні

Бұл дүниежүзілік күнді атап өту қарары 2013 жылғы 20 желтоқсанда БҰҰ Бас  Ассамблеясының 68-ші сессиясында қабылданды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

27 жыл бұрын (1990) «Молодая гвардия» журналында Сәкен Жүнісовтің (1934-2006) «Тропа» атты повесі басылып шығарылды. Бұл жазушы В.Солоухин тәржімалауымен жазылған «Заманай мен Аманай» дастанының аудармасы.

22 жыл бұрын (1995) Түрікменстанның Дашховуз қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Арал проблемалары жөніндегі кеңесі өтті.

ЕСІМДЕР

108 жыл бұрын (1909-2001) Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БАТУРОВ Тимофей Иванович дүниеге келді.

103 жыл бұрын (1914-2001) актриса, әнші, Қазақстанның Халық әртісі ЛИ Хам Дек дүниеге келді.

87 жыл бұрын (1930-1990) кен ісі саласындағы қазақ ғалымы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Кеңес Одағы Мемлекеттік сыйлығының иегері МҰҚЫШЕВ Майжан Мұқышұлы дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1936-2008) экономика ғылымдарының докторы, профессор, аграрлық-егін шаруашылығы менеджменті және шаруа саясаты аймақаралық академиясының корреспондент-мүшесі СМАҒҰЛОВ Шаймұрат дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1939-1980) суретші-график, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі СМАҒҰЛОВ Әлімхан дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу