Атырауда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
Атырауда атом электр станциясын салу бойынша жария талқылау өтті. Шараға өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің мүшелері, Энергетика министрлігінің өкілдері мен экологтар қатысты. Сала мамандары стратегиялық нысанның маңызы жайлы түсіндіріп, энергия тапшылығына тоқталды. Елді толғандырған ең бірінші - қауіпсіздік мәселесі. Бұл тұрғыда жауаптылар тың бастамалар қарастырылып жатқанын айтты. Бұл жобаны біздің елімізде жүзеге асыру бойынша шешім күзде өтетін Ұлттық референдумда белгілі болмақ.
Ерболат Қоянбаев, ҚР Ұлттық ядролық орталығы РМК директорының орынбасары:
Барлық инцидиенттер ескеріліп жобаланған реакторлар. Бұл реакторлар толығымен қауіпсіз. Ауыр авария Фукусима, Чернобыльдағы сияқты авария болу ықтималдылығы 10 миллион жылда бір оқиға болуы мүмкін.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03