Атырау облысында 16 адамды қарақұрт шаққан
Атырау облысында қарақұрт қаптап барады. Осы уақытқа дейін 16 адам зардап шеккен. Жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен 6 адамның үшеуі -- бала. Өрмекшінің бұл түрі қауіпті. Әсіресе Индер, Құрманғазы аудандарында жағдай ушығып тұр. Ауруханаға түскен тұрғындардың барлығы сауығып, үйлеріне шығарылған. Дегенмен улы жәндіктен ірі қара да зардап шегіп жатыр. Қарақұрт шаққан 180 бас түйе шығын болды.
Руслан Қайыржанов, дәрігер-эпидемиолог:
Жер үйде тұратын адамдар бар. Оларға шарбақтарын тазалағанада дене терісін толықтай жабатындай етіп киініп, қолғап киіп тазалауды ұсынамыз. Онан кейін сыртта аяқ киімдері болатын болса, немесе, тыстан үйге келгенде киімдерін қарап, оған қарақұрт енген жоқ па, соларға мән беріп, қарауларын ұсынамыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Өрік FEST» фестивалі өтті
18.06.2026, 20:57
Медицина саласының үздіктері анықталды
18.06.2026, 20:54
16 мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасалуы мүмкін
18.06.2026, 20:52
ТМД елдерімен мәдени байланыс артып келеді
18.06.2026, 20:50
Робототехника олимпиадасында ұлттық құндылықтар дәріптеліп жатыр
18.06.2026, 20:22
Креативті индустрияны дамыту жөніндегі конференция
18.06.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
18.06.2026, 20:08
«Әділет» партиясы ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті
18.06.2026, 20:07