Атыраудағы балабақшада 4 жастағы бүлдіршін қайтыс болды
Атырауда жекеменшік балабақшада 4 жасар бүлдіршін қайтыс болды. Ол кәріз құдығына құлап кеткен. Бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, құзырлы органдар тексерісті бастады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Оқыс оқиға таңертең шамамен 11-лер шамасында мынау тұрған Чебурашка балабақшасында болған. Бүлдіршін аулаға серуенге шығып, абайсызда кәріз құдығына құлап, мерт болған. Қазір біз ары қарай өте алмай тұрмыз. Өйткені құзырлы орган өкілдері есікті мөрлеп кеткен. Ғимараттың маңайы тым-тырыс. Жекеменшік балабақша былтыр ғана ашылған. 3 пен 6 жас аралығындағы 67 бала тәрбиеленіп келген. Әр топта қанша баладан болғаны, неше тәрбиеші жұмыс істегенін білім басқармасындағылар дөп басып айта алмады. Белгілісі қауіпсіздік сақталмаған.
Айнагүл Дүйсекенова, қалалық білім бөлімінің басшысы:
Мемлекеттік тапсырыс алып отырған балабақша, яғни субсидия. Барлық талаптарға сәйкес болуы тиіс болатын. Тәрбиешінің, сонымен қатар балабақша құрылтайшысының міндеттемесіне кіретін бала қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегендігі анықталып отыр.
Бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір қалада мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс істейтін 77 жекеменшік балабақша бар. Қайғылы жағдайдан кейін мектепке дейінгі мекемелердегі қауіпсіздік талаптары тексерілмек.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06