ШҚО-да әйгілі би, батыр Боранбай Қалқаманұлына ескерткіш ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да әйгілі би, батыр Боранбай Қалқаманұлына ескерткіш ашылды

02.12.2016
ШҚО-да әйгілі би, батыр Боранбай Қалқаманұлына ескерткіш ашылды

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында әйгілі би, батыр Боранбай Қалқаманұлына ескерткіш ашылды.

Қазақ жеріне қауіп төндірген жоңғарлар мен ойраттарға қарсы соғысқан тарихи тұлғаның тас мүсіні Қызылкесік ауылында орнатылды. Тарихи деректер бойынша Боранбай би - Абылай ханның саясатын іске асыруға зор үлес қосқан баһадүрлердің бірі. Ауылдағы Мәдениет үйінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, батырдың еңбектері мен ерліктері баяндалды.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу