Шығыста сүт қабылдайтын кешендер жабылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста сүт қабылдайтын кешендер жабылып жатыр

09.07.2024

Шығыстағы ауыл тұрғындары сүт өткізетін кәсіпорын таппай отыр. Облыста 10 жыл бұрын ашылған сүт қабылдау пунктері кейбір аудандарда жабылып жатыр. Қабылдау пунктері бар кезде 30 сиырға дейін сауып, табыс тауып келген отбасылар енді мал басын азайтуға мәжбүр. Өңірдегі кәсіпорындар болса өнімді ірі шаруашылықтердан ғана қабылдауға көшкен. Тпті көрші Ресейден де тасымалдай бастаған.

Ұлан ауданындағы Айыртау ауылындағы әрбір үйде мал бар. Тұрғындар бұрын сүтті сауылған, етті сойылған бойда ауылдың өзіндегі қабылдау орындарына өткізіп келген. Бірақ былтырдан бері кәсіпорындар бағаны арзандатып, ал биыл сүт қабылдауды мүлде тоқтатқан.

Бақытжамал Тұяқбаева, Айыртау ауылының тұрғыны:

Сәуір айынан бастап халықтар қайта звандап жатыр. Қашан қабылдайсыздар? Қашан аласыздар деп. Оған салқындатқыштарын алды да кетті. Одан кейін тоқтатты. Бізде қойдық. 150 теңгеден деп. Мен 30 сиырға дейін ұстағам. Енді қазір Ресейден келіп, қабылдап жатыр, дейді. Енді оның жанында біздің сүтіміз түк емес болып қалды ғой.

Ресейден қанша тонна сүт және ол қалай тасымалданатыны туралы зауыттар ақпарт беруге мүлде құлықсыз. Ал ауыл тұрығындары сүтті қалаға апарып сатудың машақаты көп, дейді.

Меңдігүл Қанжарбайқызы, Айыртау ауылының тұрғыны:

Енді сол сүт алушы жоқ болғаннан кейін малдың басын азайттық. Екі сиыр ғана ұстап қалдық. Бұрын мол сиыр ұстайтынбыз. Тек қана мен емес, мұқым ауыл малдың басын азайтты.

Бозанбай ауылында сүт қабылдау кешені әзірше жұмыс істеп тұр. Бұрын аудан орталығы болған елдімекенен күніне 2 тонна сүт жиналады. Алайда тұрғындар монополист компания өзінің қалаған бағасына ғана алатынын айтады.

Гүлзия Смағұлова, Бозанбай ауылының тұрғыны:

Былтыр осы уақытта 165 теңгеден болатын литрі. Биыл, міне, осы уақытта 150 теңгеге шұғыл түсті. Ауылда басқа кәсіп жоқ. Бала-шағалар ұсақ. Кәсіптеніп жатқанымыз осы аз ғана сүттің ақшасы ғой. Нәпақа тауып. Азын-аулақ бақшамыз бар. Ауылда отырғаннан кейін басқа шығатын жол жоқ.

Облыста қазір сүт өңдейтін 9 кәсіпорын бар. Олар жылыны 190 мың тонна өнім өңдейді. Сүт қабылдайтын 23 пункт жұмыс істеп тұр. 33 сүт тауарлы ферма құрылған. Ал өңірдің өзінен жалпы жиналатын сүт 9 зауыттың 40 пайызына ғана жетеді. Сондықтан кәсіпорындар жетпеген өнімді басқа елден әкеп өңдейді.Ал жеке үйлердегі сиыр сүтінің сапасы төмен.

Диляра Жылқайдарова, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Өйткені ол жерде сүттің сапасы майлылығы жеткіліксіздігі болғандықтан шикі затты қабылдағаннан кейін ары қарай қабылдау орнына өткізу керек қой. Сүт өңдеу зауытына. Сол себепті сапасы жеткіліксіз болғандықтан қабылдау пунктері жұмыс істемей тұр.

Он жыл бұрын аймақта 60-қа жуық сүт тауарлы фермалар ашу туралы жоба жасалып, мемлекеттен миллиардтаған қаржы бөлінген. Бірақ қазір олардың тең жартысы ғана жұмыс істеп тұр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу