Қолайсыз ауа райы еуропалықтарды әбігерге салды
Қолайсыз ауа райы еуропалықтарды да әбден әбігерге салды. Испанияның Пальма-де-Майорка аралында қатты жаңбырдан әуежайдың жұмысы тоқтады. Ал, Грекияда аптап ыстық. Ауаның температурасы 40 градустан асқан соң, ел билігі туристер көп келетін мекен-Акропольды жабуға мәжбүр болды. Италияның Сицилия аймағы құрғақшылықтың зардабын тартуда.
Бір сағат тоқтамай құйған жауынның кесірінен Испанияның Пальма-де-Майорка әуежайының іші, сырты суға толды. Ұшып-қону жолағындағы су тізеден келгендіктен терминалдың жұмысы тоқтап, мыңдаған жолаушы жолынан қалды.
Ал, Италияның Сицилия аралының тұрғындары құрғақшылықтан мезі болды. Жаңбыр жаумай тұр. Су тапшылығынан мал қырылып, егін қурап барады. Италия үкіметі төтенше жағдай жариялады. 2022 жылы Италия 62 млн еуроға зәйтүн майын экспорттап, әлемде екінші орынға шыққан. Биыл егінге қауіп төніп тұр-дейді шаруалар.
Серджио Грасиани, фермер:
Жағдай өте қиын. Зәйтүн, жүзім бәрі қурап қалды. Климаттың өзгеруінен ауа райы түсініксіз. Бүгін қатты ысып тұрып, ертесіне күн күрт суытатын болды.
Грекияда ауаның температурасы 43 градустан түспей тұр. Афинадағы Акропольды көруге кезекке тұрған туристер аптап ыстыққа шыдамай, есінен танып құлаған соң, ел билігі тарихи мекенді жабуға мәжбүр болды. Елдің бірнеше аймағында мектептер де жабық. Мемлекеттік қызметкерлерге үйден жұмыс істеуге рұқсат етілген.
Мари Пору, Қызыл крест ұйымының қызметкері:
Кеше көмекке 40 адам жүгінді. Біз көшелерді аралап, көмекке зәру жандарға жедел жәрдем көрсетіп жүрміз. Бұрын маусымда мұндай ыстық болмайтын.
Аптап ыстықтан Кипрде орман өрті күшейіп, үш елді-мекен тұрғындары оқшауланды. Ел Президенті өртті сөндіруге Иорданиядан көмек сұрады. «Оңтүстік Еуропа елдерінде шілде мен тамызда термометр 47 градусқа көтерілуі мүмкін екенін айтқан синоптиктер орман өртінің алдын-алу қажет-деп дабыл қағуда.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Газ баллондарының қауіпсіздігі: Құтқарушылар ескерту жасады
20.03.2026, 20:50
Ұшақта толғағы қысқан әйелге дәрігер көмек көрсетті
20.03.2026, 20:48
Премьер-министр Аралдың айналасын көгалдандыруды күшейту керектігін тапсырды
20.03.2026, 20:46
Тарихи ескерткіш маңына ағаш отырғызылды
20.03.2026, 20:44
Жаңа Конституция: Қазақстан заманауи мемлекеттік-саяси үлгіге көшті
20.03.2026, 20:43
Сарапшы: Мәслихат пен жергілікті атқарушы билік жұмысы үйлестіріледі
20.03.2026, 20:42
«Миранда» қағидаты адам құқығын қорғаудың кепілі
20.03.2026, 20:41
Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері жоғары
20.03.2026, 20:38