Қазақ қызы Брюссель парламенті депутаттығына үміткер
Қазақ қызы Бельгияда сайлауға түсіп жатыр. Жерлесіміз Назгүл Балмұхан, Брюссель парламенті депутаттығына үміткер. Ол осы жексенбіде өтетін Парламент сайлауына, Бельгияның ашық фламандтық либералдар және демократтар партиясының атынан түсіп, бақ сынамақ. Қарағандының тумасы 90-жылдардың басында жұмыс бабымен Бельгияға барып, сол жерде отбасын құрған. Екі баланың анасы. Брюссельдегі сотта орыс, ағылшын, француз, нидерланд тілдерінен тәржімалайтын аудармашы. Қазір партияластарымен бірге саяси науқанға қызу дайындық үстінде.
Назгүл Балмұхан, Бельгияның ашық фламандтық либералдар мен демократтар партиясының мүшесі:
Брюссель парламентіне өтіп жатсам сайлаушылардың күнделікті тұрмысын жақсарту үшін көп іс атқарар едім. Сондай-ақ мен Брюссель мен Астананың, Бельгия мен Қазақстанның парламенттік делегацияларының арасындағы достық қатынасты дамытуға бар күш-жігерімді саламын. Және екі ел азаматтарының байланысын нығайтуға тырысамын.
Свен Гатц, Брюссельдің қаржы және бюджет министрі, «Open vld» партиясының мүшесі:
Назгүл Балмұхан адамдарды сендіруге мықты. Егер ол бір істі бастаса, соңына дейін жеткізбей, тынбайды. Ол күні бойы үйді-үйді аралап, пошта жәшіктеріне ақпараттарды салып, сайлаушылардың сеніміне ие болуға тырысып жүр. Ол қазақ қоғамы, Брюссель қоғамы үшін аянбай еңбектенеді. Сондықтан, ол - лайықты кандидат.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04