Қызылордада мұғалімнің үйінен есірткі табылды
Қызылордада дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ірі мөлшерде есірткі сақтап, сатумен айналысты деген күдікке ілікті. Полицияның құрығына түскен 34 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.
Ол біраз уақыт Есірткіге қарсы бизнес басқармасы қызметкерлерінің бақылауында болған. Күмән тудырған азаматтың үйін тінту барысында психотроптық есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді. Және сатуға ыңғайлап, дайындап қойған. Қалаға қарасты елдімекендегі мектепте еңбек еткен мұғалім бір апта бұрын жұмыстан босатылыпты. Оның есірткі бизнесімен қай кезден бастап айналысып жүргені әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр.
Ілияс Жұмағұлов, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:
Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат салмағы 261 гр. «a-PVP» психотроптық заттарға жататыны бекітілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24