Маңғыстауда Оймашы ауылында 80 жасқа келсе де, іс тігуден қол үзбеген шебер кейуана тұрады.
Болар Өтебай бала күнінен қол өнерге құмар болып өскен. Айтуынша ісмерлік оған әжесінен дарыды. Шебер текемет басып, алаша тоқып, тұрмысқа қажетті жабдықтардың бәрін қолдан жасайды. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық киімдерін және шымылдық тігеді. 5 ұл, 3 қыз дүниеге әкеліп, 50 ден астам немере-шөбере сүйген отанасы, бар өнерін келіндеріне үйретіп жатыр.
Болар Өтебай, Оймашы ауылының тұрғыны:
Менің тікпейтін затым жоқ. Тігін таңдамаймын. Ою келе ма, прямой тігіс келе ма, киім келе ма, көрпе-төсек келе ма?! Қолым жыбырлап, тіккім келіп, қайшымды іздеп, машинамды іздеп отыра алмаймын. 2 келінім де бұл ұлттық киімді тастамайтын шығар. Себебі біз де аналарымызды сыйлап, тастамай келеміз ғой.
Болар Өтебай 2 бірдей келін баласымен бірге тұрады. Отбасында 15 шақты адам болса да, тату-тәтті. Кейуананың келіндері Юлана мен Несіпхан қолөнерінді толық меңгерген. Болар ана отбасында салт-дәстүрді қатаң сақтап, перзенттерін еңбекқорлыққа тәрбиелеген. Бүгінде әулет аймаққа белгілі, өсіп-өнген, өнегелі отбасылардың бірі.
Несіпхан Бағлашева, Оймашы ауылының тұрғыны:
4 жыл ішінде енем бәр затты үйретті. Өзімнің де керек заттарым болады ғой көлйек сияқты, өзіміз тігіп кие береміз. 13 жасынан бастап қызыма тігін үйрете бастадым. Қызым сол тігінге қызығып, дизайнерлік мамандығына түсті. Қазір дизайнер мамандығын оқып жатыр.
Аягөз Оралбайқызы