Абай облысында Республика күніне орай жеңілдіктер акциясы өтіп жатыр
Абай облысында Республика күніне орай «Republic Day» атты жеңілдіктер акциясы басталды. 24 -27 қазан аралығында өңірдің сауда үйлері мен дүкендерінде тауар бағасы төмендетіліп сатылмақ. Азық-түліктен бастап, киім-кешек, тұрмыстық заттардың құны арзандаған. Акцияға әсіресе қаладағы ең ірі сауда орындары ат салысып жатыр. Семейден бөлек, Аягөз, Курчатов қаласы, сондай-ақ аудандардағы кәсіпкерлер қолдау білдірген. Бизнес өкілдерінің айтуынша, мұндай науқан ішкі сауданы жандандырып, сатып алушылар санын көбейтеді. Тұрғындар акция кезінде дүкендерде, сондай-ақ онлайн платформаларда тиімді ұсыныстарды пайдалана алады.
Әділет Исламов, Кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы:
10 пайыздан 30 пайызға дейін. Кейбір ірі сауда үйлерінде тіпті одан да жоғары сауда жасалып жатыр. Бұл халықты әлеуметтік қолдау және өздерінің бюджеттеріне сәйкес сапалы тауарларға қол жеткізу тәсілі деп есептейміз.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30