Әлемдегі геосаяси жағдай шиеленіскен сайын дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық диалогқа деген сұраныс еселеп артты. Бұл орайда, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің әлеуеті жылдан жылға артып келеді. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде діни сенім бостандығы мәселелеріне арналған жиында бас қосқан сарапшылар.
Вашингтонда өткен басқосуға АҚШ мемлекеттік департаментінің, халықаралық діни бостандық комиссиясының және екі елдің түрлі діни конфессияларының өкілдері қатысты. Тараптар діндер көшбасшылардың құрылтайы жаһандық тәжірибедегі сенімді алаң ретінде мойындалған айтады.
Александр Суворов, протоиерей, Алматы бас соборының қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі:
Тек біз ғана емес, америка мамандары да бізден тәжірибе алды. Себебі, Қазақстан Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттер тоғысқан үлкен арна. Сондықтан бұл бағытта біздің де бөлісер тәжірибеміз мол. Әсіресе АҚШ біздің діни қауымдастықтардың құрылымы мен олардың жұмыс жоспарларына айрықша қызығушылық танытты.
Ал, келесі күні Америкалық «LYN Community» үкіметтік емес ұйымы конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты ілгерілету бойынша іс-шара өткізді. Екі жақ өзара пікір алмасып, тың ұсыныстарын ортаға салды.
Уэйд Кюсак, «LYN Community» президенті:
Біз діни сенім бостандығы, әлеуметтік қорғау және зорлық-зомбылық пен экстремизмнің алдын алу мәселелерімен айналысамыз. 2015 жылы алғаш рет Қазақстанға бардық. Содан бері қазақстандық діни қауым мен үкіметпен жемісті ынтымақтастық орнады.
АҚШ мамандары Қазақстандағы конфессияаралық келісімді жоғары бағалап, жаһандық қауіп-қатерлерді кеміту үшін әлем дінаралық диалогқа күш салуы қажетіне тоқталды.
Жалғас Сәдібекұлы