Өңірде әлемдік деңгейдегі озық операциялар жасалады
Шымкент денсаулық сақтау саласын дамытуда үздік өңірлердің қатарында.
Соңғы жылдары қала медицинасына 11 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 700-ден аса жаңа құрал-жабдық сатып алынды. Материалдық-техникалық база күшейіп, дәрігерлер шетелде тәжірибе арттырды.
Бұл - №1 қалалық клиникалық аурухана. Дәл осы жерде әлемдік деңгейдегі күрделі операциялар жасалады, жылына 10 мыңға жуық ота сәтті өтеді. 7 заманауи операция залы ең соңғы үлгідегі құрылғылармен және ламинарлық вентиляция жүйесімен жабдықталған.
Талғат Шауенов, операциялық блоктың меңгерушісі:
Операция блогы толықтай заманауи аппаратуралармен жабдықталған. Осы жерде қаладағы ең күрделі, мысалы ішкі қуысына, кеуде қуысына операциялар жасалады.
Емдеу мекемесі бүгінде жоғары дәлдіктегі диагностика орталығына айналған. Мұнда МРТ, КТ және ангиограф арқылы ауыр дертті ерте анықтауға мүмкіндік бар. Дәрігерлер Израиль, Түркия, Ресейдің және АҚШ жетекші клиникаларында тәжірибе арттырған.
Арман Бейсенов, урология бөлімінің меңгерушісі:
Ультразвукты діріл жасалған кезде 3-4 күнде тастары түсіп, үйіне шығады. Науқастарға тіліксіз жергілікті ауырсынуды басатын дәрі салынып, өз аяғымен келіп, өз аяғымен жүріп кетеді.
Орынкүл Адасқанова, науқас:
Жөндеуден өткеннен кейін өте әдемі болып қалыпты. Бәрі таза. Ішінде істеп жатқан қызметшілерге ризамыз. Алып жатқан емдерім ұнайды. Тазалығы жақсы екен.
Білікті мамандар мен жаңарған инфрақұрылым
науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                 
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    