Атырауда 100-ден астам тұрғын тегін заңгерлік кеңес алды
Атырауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Жетекші адвокаттар мен заңгерлер, мемлекеттік органдардың басшылары 100-ден астам қала тұрғынына тегін заңгерлік кеңес берді. «Ашық есік» форматында өткен жиында қала тұрғындары алимент төлеу, жол төсеу, жарық тарту, инфрақұрылыммен қамту, білім беру және жұмысқа орналастыру сияқты өзекті мәселелер бойынша мамандардың көмегіне жүгінді.
Айкен Аманшин, Атырау қаласының тұрғыны:
Осы көп жылдан бері сот орындаушылардың жұмысына наразы боп жүр едім. Жинаған құжаттарымның барлығын бүгін көрсетіп, ол кісі заң жүзінде барлық шара қолданатынын жеткізді.
Мадияр Басшыбаев, Атырау облысының прокуроры:
Статистикаға жүгінсек, көбінде қылмыстық қудалау процесіне байланысты арыз-шағымдар болды. Бәрі тиісті органдармен қаралады. Басқа органдарға тиесілі болса, соларға жіберіледі. Бұл жерде бірде-бір арыз-шағым қараусыз қалмайды.
500 тұрғынға заң аясында тегін көмек көрсетілді
Ал Ақтауда «Халық заңгері» акциясы аясында 500-ге жуық тұрғынға тегін кеңес берілді.
Мамандар тұрғындардың заң, құқық төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына және шешілмеген даулар бойынша көмек көрсетті.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00