Семейде «Халық заңгері» акциясы өтті
Семейде де «Халық заңгері» акциясы өтті. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырырып, тегін кеңес беретін шараға прокуратура, Ішкі істер саласының мамандары мен жергілікті әкімшіліктегі барлық басқарма өкілдері қатысты. Сондай-ақ заңгерлер мен нотариус, медиаторлар тұрғындарды толғандырған сұрақтар бойынша кеңес берді. Кейбір қала тұрғындарының мәселесін бірден шешуге мүмкіндік туды. Шараны өткізуге облыстық прокуратура ұйытқы болған.
Мейіржан Қалиасқаров, облыстық Прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы:
Бұның аясында халықпен көптеген мәселелер көтеріліп жатыр. Қазіргі күннің өзінде прокуратураға келіп түскен арыз-шағымдар, кәсіпкерлерді келесі жылы енгізілетін салық кодексіне қатысты өзгерістер мазалап жатыр екен. Келешекте кәсіпкерлерге жазбаша түрде жауап берілетін болады. Сонымен қатар көпбалалы аналардың мәселелері де қозғалып жатыр. Халықты толғандырып жатқан жер мәселесі, басқа да мәселелер бар.
Акция кезінде ең көп қойылған сұрақтар – жер дауы, тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік төлемдер, еңбек құқығы және несиеге қатысты болды.
Халыққа кеңес беру ғана емес  азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сауаттылықты дамытуды көздейтін шара жиі өтсе дейді семейліктер . Өйткені, акция кезінде мәселесін айтып келгендердің дені бір мезетте бірнеше маманға жолығып  толыққанды кеңес алды.
Ботагөз Жұмағұлова, Семей қаласының тұрғыны:
Көп мәселелерді шештім. Өйткені облыстық прокуратура, облыстың әкім орынбасарымен кездестім. Транспортпен жолықтым. Мынандай акция өте қажет. Бір жерде 1-2 сағаттың ішінде қаншама маманмен сөйлесіп, өзіңе керектіге жауап аласың.
Автор
                            Ержан Жақып
                                            Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында хайуанаттар бағының аумағы тазартылды
                                    31.10.2025, 20:52
                                 
                                Өңірде әлемдік деңгейдегі озық операциялар жасалады
                                    31.10.2025, 20:47
                                Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздіктері марапатталды
                                    31.10.2025, 20:45
                                Екібастұзда «Ертіс-Баян» театры ашылды
                                    31.10.2025, 20:40
                                Әлеуметтік тауарды қымбатқа сатқан кәсіпкерлер жазаланды
                                    31.10.2025, 20:28
                                 KGIR-2025: 49 келісімге қол қойылды
                                    31.10.2025, 20:25
                                Атырауда 100-ден астам тұрғын тегін заңгерлік кеңес алды
                                    31.10.2025, 20:24
                                 Сенат спикері сарапшылармен кездесті
                                    31.10.2025, 20:23
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    