Үкімет аппараты көгалдандыруға атсалысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет аппараты көгалдандыруға атсалысты

27.04.2024

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке Үкімет Аппаратының қызметкерлері де ат салысты. Олар «EXPO» аумағында 150-ге жуық көшет отырғызды. Оның ішінде емен, қайың, шырша, сағызқарағай сынды ағаш түрлері бар. Экологиялық акцияның 3 аптасында 4 жарым мың тоннадан асатын қоқыс шығарылды. Астанада 50 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу