«InSight» аппараты Марсқа қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«InSight» аппараты Марсқа қонды

27.11.2018

НАСА «InSight» аппаратын Марсқа ақыры қондырды. Бұл - Қызыл планетаға жасалған 9-шы америкалық миссия. Осыған дейін, мұндай әрекеттер сәтсіздікке ұшыраған еді. Ақырын қону үшін «InSight» оқтың жылдамдығынан 6 есе тез атмосфераға кіруі керек екен.

Жоспар бойынша, аппарат екі жылда Марстың сыртын емес, ішін, яғни, қойнауының температурасы мен сейсмикалық белсенділігін зерттейді. Ол метеориттер соққысынан келетін толқындарды тіркейді. Бұл зерттеулер осы планетаның қалай пайда болғаны туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, бұл миссия Жердің және өзге де тау-тасты планеталардың жаратылу құпиясын ашуға көмектеседі деген үміт бар.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу