Бүгін 4 облысқа жаңа әкім тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін 4 облысқа жаңа әкім тағайындалды

05.09.2023

Бүгін 4 облысқа жаңа әкім тағайындалды. Бұған дейін Ішкі істер министрлігін басқарған Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болды. Ал Ауыл шаруашылығы министрі болған Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған

Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласын басқармақ. Ал Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болған Асхат Шахаров Ақтөбе облысына әкім болып тағайындалды.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу