Өзбекстанда жылдам тағамды жарнамалауға болмайды
Сәуір айынан бастап газдалған және энергетикалық сусындардың әр литріне 500 бен 2000 сом аралығында акциз салығы енгізілді. Сондай ақ балаларға арналған фастфуд пен күш беретін сусынды жарнамалауға шектеу қойылмақ. Ел үкіметі мектеп пен балабақша асханаларында тұтынуға болмайтын тағамдардың тізімін әзірлеген.
Базаркүл Отыншиева, тілші:
Мақсат тұрғындар арасында семіздік дертін азайту. «2030 жылға дейін артық салмақтан зардап шегетіндердің үлесін - 50, ал балалар мен жастар арасындағы көрсеткішті 30%-ға қысқарту міндеті қойылып отыр. Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжатқа сай, білім ұяларында дұрыс тамақтануды насихаттау маңызды. Қолдануға ұсынылмайтын өнімдердің тізіміне қант, тұз, майлы тағамдар, хош иістендіргіштер мен бояғыштар кіреді.
Шектеу мұнымен бітпейді. Құрамында химиялық қоспасы бар түрлі қытырлақ пен жылдам дайындалатын тағамдар, энергетикалық сусындар мен диеталық қоспаларды жарнамалау қатаң қадағаланады.
Жеткіншектердің дұрыс тамақтануы, дене шынықтыруы мен таза ауада серуендеуіне мән беру нормалары бойынша ұсыныстар әзірленбек. Бұл бағыттағы жұмыс жыл бойы жүргізіледі.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлыстың ұлы күнін алматылықтар ерекше сән-салтанатпен атап өтті
27.03.2026, 10:14
Алматылықтар мен қала қонақтары әз- Наурыз мейрамын «Aport West» молда тойлады
27.03.2026, 10:12
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиыны басталды
27.03.2026, 10:11
Қара теңізде Сьерра Лионеде тіркелген түркиялық танкерге шабуыл жасалды
27.03.2026, 10:10
СІМ: Қазақстан Түркістанды Иран бойынша келіссөз алаңы ретінде ұсынуға дайын
27.03.2026, 10:09
17 жастағы студентті жаппай іздестіріп жатыр
27.03.2026, 10:08
әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды
27.03.2026, 10:06
Онкологиялық орталықтарда ашық есік күні өтеді
26.03.2026, 20:59