Басты Жаңалықтар әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды

әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына байланысты полиция департаментінің бірнеше лауазымды қызметкері жұмыстан босатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Сондай-ақ министрдің тапсырмасы бойынша қызметтік тексеріс басталған. Мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі мүмкін деген уәж бойынша іс қозғалды. Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Айта кетейік, өткен аптада Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан үш адам көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырып, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Шыңғыс Алекешев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

Анықталған кемшіліктерге байланысты кадрлық шешімдер қабылданды. Министрдің бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды. Заң бұзушылықтар расталған жағдайда апат қатысушылары да, лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылады. 

Бөлісу