Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиыны басталды
Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды. 5 қатысушы ел және 3 бақылаушы мемлекет өкілдері бас қосқан жиында цифрлық интеграция мәселесі қаралмақ. Толығырақ сонда жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектестен білсек.
Жиынға Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы және Армения вице-премьері қатысып жатыр. Отырысқа бақылаушы ретінде Өзбекстанның премьер-министрі, Куба үкімет басшысының орынбасары, сондай-ақ Иранның Қазақстандағы елшісі шақырылған. Талқыланып жатқан тақырып ол әрине – цифрландыру, сандық интеграция. Яғни, жасанды интеллектіні кедендік бақылау жүйесіне сонымен қатар логистикаға енгізу көзделіп отыр. Оған қоса сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері пысықталып жатыр. Айта кету керек, ұйым жұмыс істей бастаған уақыттан бері Қазақстанның мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 90%-ға өсті. Қазір осы шарамен қатар Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумы өтіп жатыр. Халықаралық ауқымды шараға 130-дан астам елден 500 спикер, 300-ден аса инвестор қатысып жатыр. Жалпы, қатысушылар саны 85 мыңнан асады. Цифрлық экономиканы дамытуды көздейтін шара жайлы «Ақараттың» алдағы шығарылымдарында тарқатып айтамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы