Су тасқынынан зардап шеккендерге Бельгиядағы қазақтар көмектесіп жатыр
Су тасқынынан зардап шеккендерге Бельгиядағы қазақтар да белсенді көмектесіп жатыр. Осы елде оқу, жұмыс бабымен уақытша тұрып жатқан жерлестеріміз «Біз біргеміз, «Қазақстан халқына» қорларына демеу қаржы жіберуде. Диаспора өкілдері Бельгиядағы қазақстандық студенттердің қауымдастығымен бірігіп, жақын күндері Брюссельде қайырымдылық жәрмеңкесін өткізбек. Сондай-ақ, жылу жинап, табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтуді көздеп отыр.
Назгүл Балмұханова, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілі:
Біз осы жағдайды естіп, қатты қиналдық. Шетелде тұрсақ та жүрегіміз Қазақстанда. Сол үшін мен көмек ретінде бүгін мен «Қазақстан халқына» қорына 500 еуро ақша жібердім. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Айт қабыл болсын!
Ардақ Молданязова, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілі:
Әр қазақ, қазақстандық зардап шеккендерге қаржылай көмегін көрсетуде. Елдегі жағдайға алаңдап отырмыз. Жақында қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, содан түскен ақшаны зардап шеккендерге аударамыз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09